Қазақстанда грек ірімшіктерін шығаратын жаңа өндіріс ашылуы мүмкін

Грекияның Desserta Hellas компаниясы Қазақстанда ірімшік және басқа да сүт өнімдерін өндіруді жергіліктендіруге ниетті. Инвестициялық жобаның келешегі ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен өткен кездесуде талқыланды. Келіссөзге Desserta Hellas компаниясының басшылары Афанасиос Платаниас пен Йозеф Браунсхофер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин қатысты.

Айдарбек Сапаров Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен саласында Грекиямен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 12%-ға өсті.

– Министрлік сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері тауар айналымының оң динамикасын көріп отырмыз. Бұл ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндік береді, – деді министр.

Кездесуде Қазақстанның сүт өнеркәсібіндегі қазіргі жағдай, шикізаттың қолжетімділігі, мемлекеттік қолдау шаралары және қосылған құны жоғары өнім шығару мүмкіндіктері талқыланды. Келіссөздің негізгі тақырыбы ірімшік пен сүт өнімдерін өндіруді жергіліктендіру жобасы болды.

Desserta Hellas өкілдері Қазақстанда өндіріс ашуға және жергілікті серіктестермен ұзақ мерзімді жұмыс істеуге мүдделі екенін растады.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, қазір елімізде ірімшік өндіретін 64 кәсіпорын және сүт өңдейтін 182 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жалпы өндірістік қуаты жылына шамамен 2,7 миллион тонна сүтті құрайды.

Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы жобаларға қолдау көрсетеді. Кәсіпорындар терең өңдеуге арналған шикізатты сатып алуға субсидия алып, инвестициялық шығындарының 25%-ға дейінгі бөлігін өтей алады. Сондай-ақ несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетіп, айналым қаражатын жылдық 5%-бен жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылған.

Айдарбек Сапаров жобаны жүзеге асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Desserta Hellas бастамасы Қазақстан мен Грекия арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтып, отандық сүт өңдеу саласының дамуына серпін береді деп есептейді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...