ШҚО полицейлері зейнеткерді тонаған қылмыскерді ізін суытпай ұстады

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында егде жастағы азаматқа қатысты жасалған қылмыстық әрекет ізі суытпай ашылды.

Тергеу мәліметі бойынша, кешкі уақытта 73 жастағы жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне белгісіз тұлға заңсыз кірген. Қылмыскер ашық тұрған терезе арқылы еніп, жәбірленушіден ақша талап еткен.

Қорқыныш астында қалған қарт әйел 32 мың теңгесін беруге мәжбүр болған. Ақшаны алған соң, ер адам үйдегі басқа да заттарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленушінің нақты сипаттамасының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтап, қолға түсірді.

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тәртіп сақшылары халықты қарт туыстарының қауіпсіздігіне баса назар аударуға және бейтаныс жандар жайлы дереу хабарлауға шақырады.

Новые статьи

Ұлан ауданында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза жағалау» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Таврия ауылдық округінде өткен шара жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып,...

Экологическая акция «Чистый берег» прошла в Уланском районе

В Уланском районе Восточно-Казахстанской области состоялась экологическая акция «Чистый берег», организованная в рамках республиканской программы «Таза Қазақстан». Мероприятие прошло на территории Таврического сельского округа...

Судағы қауіпсіздік: Алтай ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында профилактикалық жағалау рейдтерін өткізді

Шомылу маусымы қызған кезеңде су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі прокуратура органдарының ерекше бақылауында. 2026 жылғы 16 шілдеде «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру...

Безопасность на воде: в рамках идеологии «Закон и порядок» прокуратура района Алтай провела профилактические береговые рейды

В разгар купального сезона вопросы обеспечения безопасности граждан на водных объектах находятся на особом контроле органов прокуратуры. 16 июля 2026 года в рамках реализации идеологии...