«Семей орманы» өртін сөндіруге 225 адам жұмылдырылды

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында орманшылар, құтқарушылар, полицейлер мен әскери қызметшілер жұмыс істеуде. Жұмылдырылған күш аз емес – алайда тілсіз жаудың өздігінен басылар түрі жоқ.

Өртті сөндіруге резерваттың мемлекеттік орман күзетінің 86 қызметкері мен 31 техника бірлігі тартылды. Әуеден су төгетін құрылғылармен жабдықталған «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның екі тікұшағы жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 38 қызметкері мен 10 техника бірлігі бар. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ми-8 тікұшағын жіберді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жұмысты ұйымдастыруға 101 полиция қызметкері жұмылдырылған. Олардың қарамағында 25 қызметтік автокөлік, соның ішінде төрт автобус пен екі вахталық КамАЗ бар.

Бородулиха аудандық полиция бөлімінен 30 қызметкер мен алты автокөлік жіберілді. Полиция департаменті патрульдік полицияның 13 экипажы мен 26 қызметкерін, сондай-ақ арнайы жедел қимылдайтын жасақтың 42 қызметкерін тартты. Бұдан бөлек, оқиға орнында әкімшілік полиция басқармасының үш қызметкері және полиция департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов жүр.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшақтары су төгетін құрылғылардың көмегімен өрт ошағына 24 рет су төкті. Өрт орнына қосымша күштер мен техника әлі де жіберіліп жатыр.

Қазір мамандар өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстарын жүргізуде. Жағдай тұрақты бақылауда.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...