«Семей орманы» резерватындағы өрт жерден және әуеден сөндіріліп жатыр

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында орман өрті сөндіріліп жатыр. Өрт 16 шілде күні таңертең Бесқарағай филиалының Камышен орманшылығында анықталды. Тілсіз жау сағат 09:45-те орманшылықтың 57-орамында тіркелді.

Оқиға орнында мемлекеттік орман күзетінің жеті қызметкері жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге автоцистерна, шағын орман өрт сөндіру кешені және трактор жұмылдырылды. Сондай-ақ Bambi Bucket су төгу құрылғысымен жабдықталған «Қазавиаорманқорғау» РМҚК әуе кемесі тартылды.

Өрт ошағына қосымша екі автоцистерна, екі трактор және шағын орман өрт сөндіру кешені жіберілді. Төтенше жағдайлар департаменті 30 адам мен сегіз техника, ал мемлекеттік орман күзеті тағы 11 қызметкер аттандырды.

Бөке Бай ауылынан Bambi Bucket су төгу құрылғысымен жабдықталған AS350 тікұшағы ұшып шықты. Оның бортында авиациялық өрт сөндіру қызметінің төрт десантшысы бар. «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның тағы бір Ми-8 тікұшағы Катонқарағай ауылынан өрт орнына бағыт алды.

Ауа райы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып отыр. Ауа температурасы +34 °C-қа жеткен. Солтүстік-батыстан секундына 4 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні секундына 8 метрге дейін жетеді. Өрт қаупінің деңгейі – бесінші сынып.

Мамандар орман өртін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жедел штабтың мәліметінше, жағдай бақылауда.

Новые статьи

Глава государства предложил кандидатуру Олжаса Бектенова на пост премьер-министра

Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с руководителями фракций политических партий в Курултае Республики Казахстан. В ходе встречи глава государства сообщил, что в соответствии со статьей 46...

Шығыс Қазақстанда заңсыз аң аулаудың 25 фактісі тіркелді

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 4 күн бойы «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жүргізілді. - Соның барысында полиция қызметкерлері аң аулау...

ШҚО-да қатты желден қайықпен жағаға жете алмай қалған екі адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қолайсыз ауа райында су айдынында қалған азаматтарға көмек көрсетті. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Айыртау ауылындағы...

В Усть-Каменогорске раскрыли две кражи золотых украшений на миллион тенге

В Восточно-Казахстанской области полицейские раскрыли два похожих случая кражи золотых украшений. В обоих случаях мужчина похищал изделия с витрин, пока продавцы отвлекались. Общая сумма...