Қазақстанда суға шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетті

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды су жағасында демалған кезде балаларды мұқият қадағалауға шақырды. Суға шомылу маусымы басталғалы еліміздің су айдындарында 69 бала суға кеткен.

Министрлік жазатайым оқиғаларды талдап, қайғылы жағдайлардың көбі шомылуға жабдықталмаған жерлерде болатынын анықтады. Жабайы жағажайларда су түбі тексерілмейді. Онда тас, қоқыс, иірімдер мен ағысы қатты учаскелер болуы мүмкін.

Балалардың қаза болуына ересектердің жауапсыздығы да себеп болып отыр. Кейбір ата-аналар демалыс кезінде спирттік ішімдіктерді шамадан тыс қолданып, балаларын су жағасында қараусыз қалдырады. Мұндай жағдайда қайғылы оқиғаның болуына бірнеше минут қана жеткілікті.

ІІМ Профилактикалық қызметті үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов ата-аналарға негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салды.

– Құрметті ата-аналар! «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі жазатайым оқиғаларға талдау жүргізді. Су айдындарында балалардың қаза болуы ерекше назар аударуды талап етеді. Күн ысыған кезде көптеген баланың уақытын өзендер мен көлдердің жағасында өткізетіні жасырын емес. Суға шомылу маусымы басталғалы су айдындарында 69 бала суға кетті. Жазатайым оқиғалар көбіне шомылуға жабдықталмаған жерлерде болады. Балалар су түбі тексерілмеген, иірімдері мен ағысы қатты жабайы жағажайларда жиі шомылады. Сонымен қатар демалыс кезінде ересектердің спирттік ішімдіктерді шамадан тыс қолдануы салдарынан балалар жағалауда тиісті бақылаусыз қалып, қайғылы жағдайға тап болады. Қолданыстағы заңнамада тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Бұл ӘҚБтК-нің 364-бабында көзделген. Жыл басынан бері 2700-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылды, – деді Арман Саданов.

ІІМ су айдындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ұсынады:

  • шомылуға жабдықталмаған жерлерге түспеу;
  • су айдындарының маңында демалған кезде балаларды үнемі бақылап, қараусыз қалдырмау;
  • балаларға бейтаныс жерде қатты ағыс, тас пен қоқыс, суасты иірімдері секілді қауіптер болуы мүмкін екенін түсіндіру;
  • аптап ыстықта суық суға түспеу. Температураның күрт өзгеруі қан тамырларының түйілуі мен құрысуға әкелуі мүмкін.

Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Жыл басынан бері 2700-ден астам құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Ата-аналар өзендер мен көлдердің маңында балаларын үнемі қадағалап, шомылуға арналған жабдықталған орындарды ғана таңдауы керек. «Ештеңе бола қоймас» деген әдеттегі немқұрайлылық бұл жерде тым қымбатқа түсуі мүмкін.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...