Қазақстанның мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате табылды

Оқу-ағарту министрлігі оқулықтар тізімін қалыптастыру және мектептерді 2026-2027 оқу жылына дайындау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қосымша сараптамадан кейін оқу басылымдары қайта пысықтауға жіберілді. Мамандар түрлі сипаттағы 700-ден астам ескерту мен қатені анықтады.

Барлық оқулық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қайта тексерілді. Үкімет мектеп оқулықтарының сапасын ерекше бақылауға алды. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева бұған дейін хабарлағандай, тексеруден соң билік анықталған кемшіліктер толық түзетілмейінше оқулықтарды бекітпеу туралы шешім қабылдады.

Оқу-ағарту министрлігі баспалармен және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, ескертулерді түзету жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ведомствоның түсіндіруінше, оқулықтарды мемлекеттік білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына және білім беру жүйесінің қазіргі талаптарына сәйкестендіру үшін қосымша уақыт қажет.

Соған қарамастан, білім беру ұйымдарына оқулық жеткізу жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Мектеп оқулықтары кезең-кезеңімен жаңартылады. 2026 жылғы 30 тамызға дейін мектептер 3-сыныптарға арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу», «Музыка» пәндерінің оқулықтарын сатып алуы тиіс. Осы мерзімге дейін 7-сыныптарға арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқулықтары да сатып алынады.

Педагогтер оқулықтарды Etandau.gov.kz электрондық платформасы арқылы таңдап қойған. Осы таңдаудың негізінде жергілікті атқарушы органдар өтінімдер қалыптастырып, жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру үшін баспаларға жолдады. Сонымен қатар өңірлер басқа сыныптарға арналған оқулықтарды қосымша сатып алып жатыр. Тапсырыс қалыптастыру кезінде оқушылар санының өсуі мен кітапхана қорларын жаңарту қажеттілігі ескеріледі.

Оқулықтарды одан әрі жаңарту жұмыстары да бірнеше кезеңге бөлінді. 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 4 және 9-сыныптарға, ал 2027 жылғы 1 сәуірге дейін 8-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар дайындалады.

Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен, баспалармен және сарапшылармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дейін оқушыларды заманауи әрі сапалы оқулықтармен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Ендігі мәселе – түзетілген кітаптар мектеп парталарына уақытында жетіп үлгере ме?

Новые статьи

Глава государства предложил кандидатуру Олжаса Бектенова на пост премьер-министра

Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с руководителями фракций политических партий в Курултае Республики Казахстан. В ходе встречи глава государства сообщил, что в соответствии со статьей 46...

Шығыс Қазақстанда заңсыз аң аулаудың 25 фактісі тіркелді

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 4 күн бойы «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жүргізілді. - Соның барысында полиция қызметкерлері аң аулау...

ШҚО-да қатты желден қайықпен жағаға жете алмай қалған екі адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қолайсыз ауа райында су айдынында қалған азаматтарға көмек көрсетті. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Айыртау ауылындағы...

В Усть-Каменогорске раскрыли две кражи золотых украшений на миллион тенге

В Восточно-Казахстанской области полицейские раскрыли два похожих случая кражи золотых украшений. В обоих случаях мужчина похищал изделия с витрин, пока продавцы отвлекались. Общая сумма...