Шығыс Қазақстан облысында Металлург күніне арналған мерекелік іс-шаралар бастау алды

Көп жылдан бері қалыптасқан дәстүрге сай мерекелік шаралардың алғашқы легі кен өндірісімен тығыз байланысқан, кенді Алтайдың жүрегі саналатын Алтай қаласында өтті.

Бұл күн – металлургия саласының ардагерлері мен еңбеккерлерін, өндірістік әулеттердің өкілдерін, қала тұрғындары мен қонақтарын бір арнаға тоғыстырған ерекше мереке. Металлург күні – тек кәсіби мейрам ғана емес, елдің өндірістік әлеуетін нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарына көрсетілетін құрметтің айқын көрінісі.

Кәсіби мерекеге орай аудан әкімі Ренат Құрмамбаев металлургтерді құттықтап, тау-кен металлургия кешені Шығыс Қазақстан облысы экономикасының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, саланың тұрақты дамуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсіміне серпін беріп келеді. Сонымен қатар ол сала ардагерлері мен еңбеккерлеріне адал еңбегі, кәсібіне деген жауапкершілігі мен жоғары біліктілігі үшін алғысын білдіріп, зор ризашылығын жеткізді.

Ізгі тілектерге Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешенінің директоры, байыту өндірісі жөніндегі атқарушы директор Игорь Анисимов та қосылды. Ол кәсіпорын ұжымының кәсіби шеберлігіне, жауапкершілігіне және өндірісті дамытудағы сүбелі үлесіне жоғары баға беріп, барша металлургтерге зор денсаулық, отбасы амандығы және жаңа еңбек жетістіктерін тіледі.

Салтанатты жиынның ең әсерлі сәттерінің бірі – үздік еңбеккерлерді марапаттау рәсімі болды. Көп жылғы жемісті еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және металлургия саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін кәсіпорын қызметкерлеріне медальдар, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Мерекенің сәнін «Казцинк» ЖШС ұйымдастырған концерттік бағдарлама келтірді. Қазақстандық танымал «Домино» және «Мадагаскар» музыкалық топтары сахна төрінде өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Бүгінде «Казцинк» ЖШС Қазақстанның түсті металлургия саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі ретінде өндірістегі жоғары нәтижелерді, заманауи технологияларды енгізуді және әлеуметтік жауапкершілікті үйлестіре отырып, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Металлургтердің қажырлы еңбегінің арқасында Шығыс Қазақстан еліміздің жетекші индустриялық өңірлерінің бірі мәртебесін сақтап келеді. Сондықтан Металлург күні – өз өмірін еңбекпен өркендеуге арнаған жандарды ұлықтайтын, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мереке.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...