Қазақстан мен БАӘ сот әкімшілігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Біріккен Араб Әмірліктері Сот әкімшілігінің делегациясымен кездесті. Делегацияны БАӘ Сот әкімшілігі департаменті төрағасының орынбасары, сот кеңесшісі Юсеф Саид Әл-Абри бастап келді.

Тараптар сот әкімшілігін жетілдіру, соттардың жұмыс тиімділігін арттыру және сот жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және тиімділігін дәлелдеген тәжірибелермен алмасуға ерекше назар аударылды.

БАӘ делегациясының құрамына Абу-Даби бас прокуроры Али Әл-Блоши, Сот қадағалауы басқармасының басшысы Али Әл-Шаер, Түзеу және оңалту орталықтары секторының атқарушы директоры Фейсал Әл-Хаммади және Стратегиялық жоспарлау және институционалдық даму жөніндегі директор Абдулла Саиф кірді.

Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары Шакир Шаяхметов пен Асылбек Мусралинов, сондай-ақ Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов қатысты.

Наиль Ахметзакиров Қазақстан мен БАӘ сот жүйелері арасындағы өзара іс-қимылдың жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Екі елдің жоғары сот органдары басшыларының Дубай мен Астанада өткен кездесулері ынтымақтастыққа жаңа серпін берді.

Сот әкімшілігінің басшысы қонақтарға Қазақстанның сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып берді. Олар сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге, сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыруға, соттар мен судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға, сондай-ақ цифрлық технологияларды одан әрі дамытуға бағытталған.

БАӘ делегациясына Қазақстанның сот жүйесінде қолданылып жүрген цифрлық шешімдер таныстырылды. Олардың қатарында эксаумақтық соттылық, зияткерлік сервистер, жасанды интеллектіні пайдалану және сот процестерін роботтандыру бар.

Юсеф Саид Әл-Абри сот жүйелерінде жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі Еуропалық этикалық хартия қағидаттарын сақтау қажеттігіне назар аударды. Ол сондай-ақ Қазақстанның мамандандырылған соттардың жұмысын ұйымдастыру және сот инфрақұрылымын дамыту тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысында тараптар кәсіби ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және сот әкімшілігі саласындағы үздік тәжірибелерді енгізуге дайын екенін растады.

Сол күні БАӘ делегациясы Астанадағы мамандандырылған қылмыстық, экономикалық және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттарға барды. Қонақтар олардың жұмыс ерекшеліктерімен, сот қызметінің ұйымдастырылуымен және сот ісін жүргізуде қолданылатын цифрлық шешімдермен танысты.

Новые статьи

Глава государства предложил кандидатуру Олжаса Бектенова на пост премьер-министра

Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с руководителями фракций политических партий в Курултае Республики Казахстан. В ходе встречи глава государства сообщил, что в соответствии со статьей 46...

Шығыс Қазақстанда заңсыз аң аулаудың 25 фактісі тіркелді

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 4 күн бойы «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жүргізілді. - Соның барысында полиция қызметкерлері аң аулау...

ШҚО-да қатты желден қайықпен жағаға жете алмай қалған екі адам құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар қолайсыз ауа райында су айдынында қалған азаматтарға көмек көрсетті. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Айыртау ауылындағы...

В Усть-Каменогорске раскрыли две кражи золотых украшений на миллион тенге

В Восточно-Казахстанской области полицейские раскрыли два похожих случая кражи золотых украшений. В обоих случаях мужчина похищал изделия с витрин, пока продавцы отвлекались. Общая сумма...