Қазақстанда әлеуметтік бизнес қарқын алып келеді

Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысып қана қоймай, әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген азаматтардың саны артып келеді. 2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 776 қатысушы тіркелген. Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда олардың саны шамамен 11,2%-ға өсті.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімін ҚР Ұлттық экономика министрлігі әр тоқсан сайын қалыптастырып, жаңартып отырады. Тізілімге енген кәсіпкерлер заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларына үміткер бола алады.

Әлеуметтік кәсіпкерлер коммерциялық қызметпен айналыса отырып, қоғамға да пайда әкеледі. Олар мүгедектігі бар адамдар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерін жұмыспен қамтиды, әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсетеді және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асырады.

Кәсіпкерлерді тізілімге енгізу туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар жанындағы арнайы комиссиялар қабылдайды. Олар өтінімдерді қарап, бизнестің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

Демек, әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін жобаны әдемі сипаттап, қамқорлық туралы бір-екі дұрыс сөз айтумен ғана алу мүмкін емес. Бизнес өз қызметінің адамдарға шын мәнінде пайда әкелетінін дәлелдеуі керек.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...