в

Жаңадан құрылған Үлкен Нарын ауданының әкімі референдумда дауыс берді

Бүгін Үлкен Нарындағы сайлау учаскесінде мерекелік көңіл-күй қалыптасқан. Таңертеңнен бері тұрғындар азаматтық позициясын білдіріп, референдумда дауыс беру үшін осында ағылып келіп жатыр. Оның ішінде аудан әкімі де бар.

«Бүгін елімізде тарихи күн. Халқымыз елу жылда ел жаңа деп бекер айтпаған. Саяси-экономикалық дамуымыз бір орында тұрмайды, қоғам талабы өзгерді. Дауыс беру учаскелеріне келген азаматтардың барлығына алғысымды білдіремін» — деді аудан басшысы.

Елдос Жанболатұлы Аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан №849 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан референдумда өз таңдауын жасады

В Усть-Каменогорске казахстанцы приняли участие в референдуме в костюмах ростовых кукол