Катонқарағайда ШҚО-ның ең үздік шабандоздары анықталды

Катонқарағай ауданында Шығыс Қазақстан облысының XXIV Халықтық спорт ойындары аясындағы ат спорты жарыстары мәресіне жетті. Бұл дүбірлі дода «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі шеңберінде ұйымдастырылды. Шілденің аптап ыстығына қарамастан, таңсәріден жиналған қалың көрермен жерлестеріне ерекше қолдау көрсетті, ал аймақтың ең үздік спортшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

Жарыстың ең тартысты әрі қызықты түрлерінің бірі – бап пен бақ, жылдамдық пен шабандоздың шеберлігі сыналатын жас сәйгүліктер жарысы – құнан бәйге болды. Бұл сында мына шабандоздар үздік шықты:

* 1-орын: Мұхаммедәли Намозов (Самар ауданы)
* 2-орын: Әлтаир Шайрғазин (Самар ауданы)
* 3-орын: Мұхаммедәли Кентай (Күршім ауданы)

Аттың жылдамдығы ғана емес, жүрісінің біркелкілігі мен теңдігі сыналатын, нағыз тұқымдық сапаның көрсеткіші саналатын жорға жарысы да тартысты өтті. Сәйгүліктерінің бабы келіскен мына азаматтар тұғырдан көрінді:

* 1-орын: Айқын Әмірбеков (Зайсан ауданы)
* 2-орын: Зауыр Амангелдінов (Катонқарағай ауданы)
* 3-орын: Ақылман Сәбиғазы (Катонқарағай ауданы)

Сәйгүліктер мен шабандоздардың ұзақ қашықтыққа төзімділігі сыналатын топ бәйгеде Күршім ауданының саңлақтары алдына жан салмады:

* 1-орын: Қайсар Сарқытов (Күршім ауданы)
* 2-орын: Бекнұр Назарбек (Күршім ауданы)
* 3-орын: Мұхаммедәли Намозов (Глубокое ауданы)

Дүбірлі доданың көркін қыздырған, тек күш пен шеберлікті ғана емес, командалық ауызбіршілікті де талап ететін атақты ұлттық спорт түрі – көкпар – жарыстың жарқын түйіні болды. Тартысты ойынның нәтижесінде:

* 1-орын (жеңімпаз): Ұлан ауданының құрамасы
* 2-орын: Күршім ауданының құрамасы
* 3-орын: Алтай ауданының құрамасы

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы марапаттады.

Бүгінде ұлттық спорт түрлері тек мерекелік шаралардың сәні болудан қалып, тарихи дәстүрлерімізді сақтаудың, бабалар аманатын ардақтаудың және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің басты құралына айналды. Мұндай жарыстар арқылы атқа міну мәдениеті, жылқы малын қастерлеу және Ұлы Дала еліне тән адал бәсекелестік рухы қайта жаңғырып келеді.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аймақта ұлттық спортты дамыту маңызды міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті.

–Ірі жарыстарды ұйымдастыру спортшылардың шеберлігін шыңдауға жол ашады, жастарды спортқа тартып, бірегей дәстүрлерімізді сақтауға септігін тигізеді. Мұндай турнирлер ұлттық спорт түрлерінің әлі де трибуналарды лық толтыратынын, қатысушылардың делебесін қоздыратынын дәлелдейді. Уақыт өтіп, технология өзгерсе де, мәреге бірінші жетуге деген құштарлық пен көкпарда жеңіске деген талпыныс осыдан жүздеген жыл бұрынғыдай лаулап тұр, – деді облыс әкімі.

Новые статьи

В ВКО стартовало оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасный дом»

В Восточно-Казахстанской области с 7 по 8 августа проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасный дом». Его основная цель — предупреждение правонарушений в сфере семейно-бытовых отношений,...

ШҚО-да бейнебақылау камералары 16 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтады

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлар отыр. - Жедел басқару орталықтарындағы камералардың арқасында осы жылдың жеті айында 16 289 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның...

В Казахстане утвердили перечень малоизученных территорий для разведки нефти и газа

В Казахстане утвержден перечень малоизученных участков недр, которые могут быть предоставлены для разведки и добычи углеводородов. Решение принято министерством энергетики совместно с министерством промышленности...

Генпрокуратура расследует дело о крупной схеме экономической контрабанды из Китая

Генеральная прокуратура Казахстана проводит досудебное расследование в отношении предполагаемой организованной преступной группы, которая длительное время занималась экономической контрабандой товаров из Китая. По данным следствия, в...