ШҚО-да шегірткенің жаппай таралуына тосқауыл қойылды

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары аяқталды. Бір ай ішінде мамандар 18 мың гектар жерді өңдеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ШҚО аумақтық инспекциясының мәліметінше, химиялық өңдеу жұмыстары зиянкестердің саны экономикалық зияндылық шегінен асқан облыстың алты ауданында жүргізілді.

– Жоспарланған барлық іс-шара толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды. Өңдеу жұмыстарының нәтижесінде қолданылған препараттардың биологиялық тиімділігі 95 пайызға жетіп, шегірткенің жаппай таралуын тиімді тежеуге мүмкіндік берді, – делінген ақпаратта.

Зиянкестерге қарсы күресте арнайы техниканың бірнеше түрі қолданылды. Егіс алқаптарының бір бөлігі жерүсті желдеткіш бүріккіштермен өңделсе, жетуі қиын аумақтарда аса жеңіл авиация, агродрондар және аэрозольді генераторлар пайдаланылды.

Инспекцияның хабарлауынша, келісімшартта көзделген барлық арнайы техника уақтылы жұмылдырылды. Соның нәтижесінде өңдеу жұмыстары белгіленген мерзімде толық аяқталып, ауыл шаруашылығы алқаптары зиянкестердің жаппай таралуынан қорғалды.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...