Азаматтарды қабылдау: ШҚО әкімі тұрғындар көтерген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов салалық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері өкілдерінің қатысуымен азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдады. Соның барысында тұрғындар баспана, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және көмір жеткізу сынды мәселелерді көтерді.
Өскемен қаласының тұрғыны Елена Белова Абай даңғылында орналасқан, 1947 жылы салынған апатты тұрғын үйді реновациялау мәселесін қозғады. Оның айтуынша, жобаны іске асыру мерзімі 2026 жылға шегерілгенімен, тұрғындарға қоныс аудару жұмыстарының қашан басталатыны және жаңа баспананың қандай тәртіппен берілетіні жөнінде нақты ақпарат берілмеген. Осыған байланысты Нұрымбет Сақтағанов жобаның бірінші кезеңін жеделдетіп іске асыруды және екінші кезеңді қаржыландыру жайын пысықтауды тапсырды.
Қабылдауға келген тағы бір тұрғын жүйелі склероз диагнозы қойылған баласын «Селлсепт» препаратымен қамтамасыз етуді сұрады. Облыс әкімі жауапты басқармаларға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында емдеудің мүмкіндіктерін қарастыру, отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау және қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру міндетін қойды.
Ал «ALTAI CARGO» компаниясының өкілі Катонқарағай ауылындағы қазандықтарға көмір тасымалдағаны үшін «АлтайКомХозСервис» КМК тарапынан берешек өтелмей отырғанын жеткізді. Сот шешімі шыққанына қарамастан, кәсіпорын алдындағы 38 миллион теңгеден астам қарыз әлі күнге дейін төленбеген. Кәсіпкердің айтуынша, бұл жағдай компания қызметінің тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.
Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданының әкіміне және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына аталған қаржылық міндеттемелерді қысқа мерзім ішінде шешуді тапсырды.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...