Облыс орталығында 140-қа жуық отбасы баспаналы болды

Өскемен қаласында бүгін баспана кезегінде тұрған 136 отбасы қоныс тойын тойлады. Оның ішіндегі 30 жанұяға Есенберлин даңғылында орналасқан пәтер кілттерін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыс етті.

«Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда 120-ға жуық көпқабатты үй салынуда. Жыл сайын облыста 3 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы отбасыларды тұрғын үймен қамту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгін баспаналы болған отбасыларды шын жүректен құттықтаймын! Қазақ «Өз үйім өлең төсегім» дейді. Яғни, әр адамға өзінің үйі бәрінен де ыстық, жайлы, жанға жақын. Шаңырақтарыңызға шаттық ұялап, қуаныштарыңыз еселене берсін!», — деді аймақ басшысы.

Жыл басынан бері облыс орталығында көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және өзге де әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 150-ден астам пәтер берілді. Жаңа үйлерінің кілттерін алған жанұялар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және облыс әкіміне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ Нұрымбет Сақтағанов пәтерлердің ішіне кіріп көріп, иелеріне сыйлықтар табыстады.

Новые статьи

ТЖМ тікұшағы санитариялық рейс орындады

«Қазавиақұтқару» АҚ авиациясының ұшқыштары Сергей Пинигин, Леонид Калеканов, Айдар Мамырханов және санитариялық авиация дәрігерлері Рүстем Мұқажанов пен Антон Волков 1963 жылы туған науқасты шұғыл...

Вертолет МЧС совершил санитарный рейс

Пилоты «Казавиаспас» Сергей Пинигин, Леонид Калеканов, Айдар Мамырханов и врачи санавиации Рустем Мұқажанов и Антон Волков совершили рейс по маршруту Усть-Каменогорск – Шемонаиха –...

Спасатели МЧС эвакуировали двух женщин с Бухтарминского водохранилища

На пульт 112 поступило сообщение о происшествии на воде в районе Солдатского залива района Алтай Восточно-Казахстанской области. Помощь спасателей потребовалась отдыхающим, оказавшимся в затруднительном...

ТЖМ құтқарушылары Бұқтырма су қоймасынан екі әйелді эвакуациялады

112 пультіне Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Солдат шығанағы ауданында судағы оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Бұқтырма су қоймасында қиын жағдайға тап болған демалушыларға...