Өскеменнің Сол жағалауында заманауи экопарк салынады

Өскемен қаласында «Қайың тоғайы» заманауи экопаркі бой көтереді. Жаңа демалыс аймағы шаһардың Сол жағалауында орналасып, табиғи ландшафтты сақтай отырып салынған алғашқы қоғамдық кеңістікке айналмақ.

Экопаркті абаттандырудың эскиздік жобасы әзірленіп қойған. Демалыс күндері Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов болашақ саябақтың аумағына барып, жобаның тұжырымдамасымен танысты.

Жобаға сәйкес, экопарк аумағында жаяу жүргіншілерге арналған серуен жолдары мен жағалау аймағы салынады. Сондай-ақ тынығу орындары ұйымдастырылып, шағын сәулет нысандары орнатылады, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың серуендеуі мен отбасылық демалысына қолайлы жағдай жасалады.

– Бұл жобаның жүзеге асуы Сол жағалаудың тұрғындар мен қала қонақтары үшін тартымдылығын арттырып, жайлы қоғамдық кеңістікке айналуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар Өскеменнің экологиялық және туристік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Басты мақсатымыз – әр тұрғын үшін заманауи, жасыл әрі жайлы қала қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді Алмат Ақышов.

Қала әкімдігінің мәліметінше, болашақ экопаркті абаттандыру жұмыстары жақын арада басталады.

Новые статьи

Пятая юбилейная «белая вечеринка» проходит в Усть-Каменогорске

В амфитеатре областного центра начался пятый городской фестиваль под открытым небом White Party Öskemen. Гостей ждут часы музыки, танцев, конкурсов и выступлений артистов. Главное...

Казахстан привлек семь мировых производителей к локализации сельхозтехники

Костанайский завод AGROMASH расширяет сотрудничество с ведущими мировыми производителями сельскохозяйственной техники. К выпуску машин и компонентов в Казахстане привлечены семь международных компаний: Väderstad, Dewulf,...

В Усть-Каменогорске танковые экипажи провели стрельбы штатными снарядами

В воинской части 27943 Усть-Каменогорского гарнизона прошло очередное занятие по боевой подготовке. Танковые экипажи выполнили практические стрельбы штатными снарядами и отработали действия при выполнении...

Казахстан планирует расширить сеть автономных солнечных зарядных станций для электромобилей

Казахстан рассматривает возможность масштабирования автономных green-tech решений в регионах. Одним из таких проектов стала первая в СНГ полностью автономная солнечная зарядная станция для электромобилей,...