ШҚО-да жолдағы шұңқырларды жөндеудің жаңа технологиясы қолданыла бастады

Бұл технология жолдағы ойықтарды ауыр техниканы көп пайдаланбай-ақ, қысқа мерзімде жөндеуге және көлік қозғалысына қойылатын шектеулерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі әдістегідей жол жабынын алдын ала фрезамен қырып, катокпен нығыздаудың орнына жолшылар арнайы қондырғы арқылы зақымданған бөлікке жоғары қысыммен битум эмульсиясы мен қиыршық тасты бүркеді. Бұған дейін шұңқыр сығылған ауа ағынымен мұқият тазартылады. Осыдан кейін материалдар жол жабынына жоғары қысыммен енгізіліп, барлық қуысты толықтай толтырады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұрбек Темірхановтың айтуынша, жаңа технологияны енгізу жолдарды нормативтік талаптарға сай қалыпқа келтіру жұмыстарын едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.

— Қысыммен бүрку әдісі жөндеу уақытын айтарлықтай қысқартып, көлік қозғалысына ең аз шектеу қоя отырып жұмыс жүргізуге жағдай жасайды. Бұл әсіресе жол құрылысы қызған маусымда, трассаларды толық жабу қолайсыз болатын кезеңде өте маңызды, — деді Нұрбек Темірханов.

Өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстаумен «Қазсервис» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы айналысады. Компанияның бас инженері Шыңғыс Зайытовтың айтуынша, технологияның негізі — материалдарды жоғары қысыммен беру.

Соның арқасында жаңа қабаттың қолданыстағы жол жабынымен берік байланысы қамтамасыз етіледі.

— Бұл әдіс ауыр нығыздаушы техниканы және көп жұмыс күшін қажет етпей-ақ шұңқырларды жылдам әрі тиімді жөндеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жөнделген жол учаскесінің қызмет ету мерзімі де ұзарады, — деді Шыңғыс Зайытов.

Жол қызметінің мәліметінше, бұл технология жол жабынын алдын ала фрезамен өңдеуді қажет етпейді, жөндеу шығындарын азайтады және барлық технологиялық талап сақталған жағдайда шұңқырлардың қайта пайда болу қаупін төмендетеді. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары әлдеқайда жылдам жүргізіліп, автожолдарда ұзаққа созылатын кептелістердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...