Жол-көлік оқиғасы 2 шілде күні Бажов көшесіндегі теміржол өткелі маңында болған.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі мас күйде көлік тізгіндеп, алдымен тағы бір Chevrolet Cobalt, кейін Chevrolet Nexia автокөлігімен соқтығысқан.
— Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, — делінген хабарламада.
Енді іс процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

