ШҚО-да суға батып бара жатқан адамды құтқарған оқушылар марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында Серебрянск қаласында суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалған №4 орта мектептің мұғалімі мен оқушылары марапатталды.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға маусым айының ортасында Бұқтырма кентіндегі демалыс орындарының бірінде болған.

— Шомылып жүрген жігіт кенет суға бата бастады. Бұны Серебрянск қаласының №4 орта мектебінің оқушылары байқап қалған. Олар абдырап қалмай, ересектермен бірге дереу көмекке жүгірді. Құтқаруда мұғалім Берік Тұрқанов ерекше рөл атқарды. Су көлігін пайдаланған ол жәбірленушіні жағаға жедел жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті, — делінген ақпаратта.

Ержүректік пен белсенді азаматтық ұстаным танытқан мұғалім мен оқушылар Нұртілек Жамиев, Сабыр Берік департамент басшылығының Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...