Осинов асуындағы көпірге зақым келіп, жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

30 маусым күні ұзаққа созылған нөсер жауын-шашынның салдарынан Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тасжолының 64-шақырымында орналасқан Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірге зақым келді.

— Тіректердің бірі зақымданып, аралық құрылыстың шеткі плитасының құлау қаупі туындады. Осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шұғыл түрде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта аралық құрылыстың шеткі плитасын бөлшектеу жұмыстары аяқталды. Көпір тірегін күшейту, су бұру науаларын орнатуға дайындық жұмыстары жүргізілуде, — дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК»

АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұрбек Темірханов.
Жөндеу жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр. Оған «КАЖсервис» ЖШС ШҚО филиалы мен мердігер ұйым – «ОблШығысЖол» ЖШС-нің мамандары мен арнайы техникасы жұмылдырылған. Нысанда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Тасжолдың 6-66-шақырым аралығында бір оське түсетін жүктемесі 6 тоннадан асатын жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Жеңіл автокөліктер үшін қозғалыс ашық.

Ауыр жүк көліктері үшін облыстық маңызы бар Өскемен-Самар-Үлкен Нарын автокөлік жолы арқылы балама бағыт қарастырылған. Негізгі учаскедегі қозғалысты 8 шілдеге дейін толық қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Новые статьи

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...

В Усть-Каменогорске открылся «Ретро-музей» с коллекцией техники прошлого века

В парке «Левобережный» областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника Усть-Каменогорска состоялось открытие «Ретро-музея». В церемонии принял участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Главной частью экспозиции стала...