Өскеменде Иван Купала мерекесі атап өтіледі

Облыс орталығында 6 шілде күні славян халқының дәстүрлі Иван Купала мерекесі атап өтіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтары халық билеріне қатысып, ұлттық ойындар ойнап, басқа да қызықты шараларға қатыса алады. Ұйымдастырушы – Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы.

Мереке аясында концерттік бағдарлама ұсынылып, түрлі квесттер ұйымдастырылады және халық қолөнері жәрмеңкесі өтеді.

Дәстүр бойынша Купала түні қыз-келіншектер гүл шоқтарынан гүлтәж өріп, оны суға жібереді. Осыған байланысты ұйымдастырушылар қатысушыларға гүлтәждерін өздерімен бірге ала келуге кеңес берді.

Мерекенің басты дәстүрлерінің бірі – алаудың үстінен секіру. Кештің шарықтау шегі ретінде салтанатты түрде алау жағылады.

Мерекелік шара 6 шілде күні Металлургтер саябағында өтеді. Басталуы – сағат 18:00-де.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...