Алтай ауданында ер адамнан бес млн теңгеден астам алимент қарызы өндірілді

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданының прокуратурасы балалардың құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау барысында алимент төлеуден қасақана жалтару дерегін анықтады.

Қадағалау органының мәліметінше, аудан тұрғыны 2019 жылдан бері кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу жөніндегі міндетін орындамай келген. Соның салдарынан алимент бойынша берешек көлемі 5 миллион теңгеден асқан.

— Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде балалардың құқықтары қорғалып, алимент бойынша жиналған берешек толық көлемде өндірілді. Сонымен қатар борышкер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген ақпаратта.

Прокуратура өкілдері кәмелетке толмаған балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салып, азаматтарды өз міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырды.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...