Риддерде теміржол вокзалы жаңартылды

Теміржол вокзалы – кез келген елді мекеннің визиттік картасы. Бұл – пойыздар келіп-кететін орын ғана емес, қала туралы алғашқы әсер қалыптасатын, талай кездесулер мен қоштасулардың, сағынышты қауышулардың куәсі болатын ерекше жер.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов күрделі жөндеуден кейін қайта ашылған Риддер қаласының жаңартылған теміржол вокзалында болды.

Сексен жылдан астам тарихы бар ғимарат қайта жаңғыртылып, жаңа келбетке енді. Сонымен қатар өзінің басты міндетін — жолаушыларды жайлы жағдайда қарсы алып, шығарып салатын, Риддердің қонақжай қақпасы болу миссиясын сақтап қалды.

Қайта жаңғырту барысында:
— ғимараттың ішкі бөлмелері мен инженерлік желілері толық жаңартылды;
— жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды;
— мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қозғалысына қажетті инфрақұрылым қарастырылды.

Бүгінде Риддер теміржол вокзалы арқылы күн сайын ондаған жолаушы қатынайды. Осы жерден өңір тұрғындары аптасына төрт рет Өскемен қаласына, аптасына бір рет Ресей Федерациясының Новосібір және Томск қалаларына жолға шығады. Ал қала қонақтары Шығыс Қазақстанның ең көрікті өңірлерінің бірі – Риддермен танысуды дәл осы вокзалдан бастайды.

— Көлік инфрақұрылымын жаңғырту — ең алдымен халықтың өмір сүру сапасына салынған инвестиция. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев теміржол саласын дамытуға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Заманауи вокзалдар қауіпсіз, қолайлы әрі бүгінгі күннің талаптарына толық сай болуы тиіс», – деп атап өтті вокзалға келген облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Риддер қаласының теміржол вокзалын жаңғырту — өңірдегі көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған кезекті маңызды қадам.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...