ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне дайындық қызу

10-12 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтеді. Бүгін өңір әкімдігіндегі жиналыс барысында ауқымды шараға дайындық жайы талқыланды. Жиынға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Самат Қасеновтің айтуынша, фестивальге дайындық аясында басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінен тұратын жұмыс тобы құрылған.

– Бүгінгі таңда фестивальдің режиссерлік-қойылымдық тобы айқындалып, сценарийлік және ұйымдастырушылық шешімдері бекітілді. Нысандарды орналастыру сызбасы жасалып, тартылған барлық қызметтер мен мемлекеттік органдардың жұмысы үйлестірілуде. Фестиваль бағдарламасында халықаралық деңгейдегі мәдени және рухани іс-шаралар кешені қарастырылған. 10 шілде күні Берел ауылының Патшалар жазығында Алтайдың ақиық ақыны Ақтан Нұрбаевқа арналған ас беріліп, Құран-қатым түсіріледі, – деді ол.

Одан соң облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарының концерті және еліміздің жетекші ақындарының қатысуымен «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалі өтеді.
11 шілде күні «Altay Fest 2026» фестивалі қақпасының маңында этноауыл ұйымдастырылады. Этноауылдың кіреберіс бөлігінде ұсынылатын петроглифтер Алтай өңірін мекендеген ежелгі халықтардың дүниетанымы мен рухани мәдениетінің негізгі элементтерін бейнелейді.

Сонымен қатар осы күні Қазақстанның танымал 12 ақынының қатысуымен «Ақтанымын Алтайдың» республикалық ақындар айтысы өтеді.  Айтыстың бас жүлдесі — жеңіл автокөлік.
Кешке қарай сағат 19:00-де сахна төріне Қазақстан, Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Башқұртстан, Тыва Республикасы және Моңғолиядан келген өнерпаздар шығады. Кештің басты хедлайнері – Димаш Құдайберген болмақ.

Жиын барысында бірнеше басқарма басшылары, Катонқарағай, Үлкен Нарын аудандарының әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері баяндама жасап, дайындық барысы туралы айтып берді.

– Қонақтар мен туристерді лайықты күтіп алып, фестивальді жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек. Халықтың қауіпсіздігіне, жайлылығына баса мән берілуі тиіс. 9-12 шілде аралығында Өскемен мен Катонқарағай ауданы аралығында қоғамдық көлік қатынасы ұйымдастырылсын. Әрқайсыларыңыз нәтижеге бағытталған нақты жұмысты үйлестірулеріңіз қажет, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

Глава государства выступил на церемонии награждения работников СМИ

Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил участников церемонии с Днем работников средств массовой информации и выразил им свои теплые пожелания. – Безусловно, этот профессиональный праздник имеет особое...

В Казахстане усиливают цифровизацию дорожной безопасности

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал закон о внесении изменений в законодательство по вопросам цифровизации, защиты персональных данных, дорожного движения и регулирования передовых транспортных технологий. Документ...

В районе Самар государству вернули более четырех тысяч гектаров земли

В районе Самар Восточно-Казахстанской области в государственную собственность возвращено более четырех тысяч гектаров земель общей кадастровой стоимостью свыше 20 млн тенге. Об этом сообщили...

Казахстанские врачи продолжают гуманитарную миссию в Афганистане

Группа казахстанских врачей продолжает работу в Афганистане в рамках гуманитарной медицинской миссии. Отечественные специалисты оказывают специализированную помощь пациентам, а также делятся опытом с местными...