Өскеменде көлікпен қарсы жолаққа шығып видео түсірген 18 жастағы жігіт жауапқа тартылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тексеруге құқық бұзушының өзі әлеуметтік желіде жариялаған видеосы негіз болды.

— Кадрларда жеңіл автокөлік жүргізушісінің қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шыққаны және бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету сияқты қауіпті маневрлер жасағаны көрінген. Сондай-ақ ол заңда тыйым салынған қызыл-көк түсті жарықшамдарды пайдаланған, — делінген ақпаратта.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушының кім екенін жедел анықтады. Ол Өскеменнің 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

— Азаматқа қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Түпкілікті шешім қабылданғанға дейін оның автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды. Ер адам көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...