Облыс орталығында халықаралық аграрлық форумдар өтіп жатыр

Бүгін Өскемен қаласында «PRO Сүт’26», «PRO Ет’26» халықаралық аграрлық форумдары және «QazaqSut» көрмесі басталды. Шараның ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, бірнеше мемлекеттің Елшілері мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.

«Халықты күнделікті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін еңбек етіп, облыстың тұрақты дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды осы форумда көргеніме қуаныштымын. Бұл шара агроөнеркәсіптік кешеннің одан әрі дамуына серпін беретін мазмұнды пікірталастарға, тың бастамаларға және нәтижелі кездесулерге толы болатынына сенімдімін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сүтті терең өңдеуді ұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Біздің өңірде бұл бағытты дамыту үшін барлық мүмкіндік бар. Өткен жылы өңірде 260 мың тоннадан астам шикі сүт өндіріліп, бұл көрсеткіш 9 пайызға артты», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңірде жылына 207 мың тоннадан астам шикізат өңдеуге қауқарлы 13 сүт өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Қазіргі таңда саладағы өнім өндірісінің өсімі шамамен 10 пайызды құрап отыр. Өндірілетін өнім түрлері 150-ден асады.

Облыс әкімі өз сөзінде форум қорытындысы бойынша 2030 жылға дейінгі сүтті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бірлескен қарар қабылдап, онда озық технологияларды енгізу, өнімділікті арттыру және қайта өңдеу саласын жаңғырту бойынша нақты бастамаларды қамтуды ұсынды.

Айта кетейік, халықаралық сүт бизнесі форумы жыл сайын әлемнің 20-ға жуық елінен 1500-ге дейін қатысушыны біріктіретін еліміздегі ең ірі аграрлық алаңдардың бірі. 18-19 маусым күндері өтетін іскерлік бағдарлама барысында мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ветеринариялық қауіпсіздік, селекция, жемшөп өндірісі, экспорт және заманауи агротехнологияларды енгізу мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға, агротуризмді дамытуға және агроөнеркәсіптік кешендегі халықаралық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылады. Бағдарламаға пленарлық және тақырыптық сессиялар, дөңгелек үстелдер, инвестициялық кездесулер, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі және B2B форматындағы келіссөздер кіреді.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...