в

Өскеменде белгілі спортшыны атып кеткен ер адам 16 жылға түрмеге қамалды

Биылғы қаңтар айында Қазақстан көшесінде ережесіз жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Эльер Юнусметовті атып кеткен болатын.

Полицейлер күдіктіні ұстап, тергеу амалдары жүргізілген соң іс сотқа жеткен.

Әуелі Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) кінәлі деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда жәбірленуші тарап бұл үкіммен келіспей, облыстық сотқа шағым түсірген.

«Істі қараған апелляциялық сот үкімді қатаңдату жайлы шешім қабылдады. Белгілі болғандай, сотталушы бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған және ол спортшыны пробациялық бақылауда болған кезінде өлтірген. Айыпталушының жазасы тағы 3 жылға ұзартылды. Осылайша, ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады облыстық соттан.

Спасатели в Усть-Каменогорске справились с огнем, охватившим частную станцию техобслуживания

ШҚО-да қызметтік баспананы өз атына аударғысы келген шенеунік әкіммен соттасты