ШҚО-да музейлер мен спорт туризмін дамытуға ден қойылмақ

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде туризмді дамыту мәселелері талқыға салынған жиын өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов төрағалық етті.

«Музей инфрақұрылымын дамыту ерекше назар аударуды қажет етеді. Жаңа музейлер салу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қарастыруға болады. Мәселен, тарихи музей ғимараттарын кәсіпкерлерге бизнес жүргізу мақсатында пайдалану үшін беріп, оның орнына аумағы мен функционалдық мүмкіндіктері жағынан тең келетін заманауи жаңа музей салу тәжірибесін енгізген жөн. Мұндай тәсіл тарихи мұраны сақтауға, туристерді тартатын жаңа нысандар құруға және бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», — деді баяндама жасаған облыс әкімінің кеңесшісі Сұлтанбек Сыздықов.

Оның айтуынша, аптасына немесе айына бір рет музейлерге тегін кіру күнін енгізу мүмкіндігін қарастыру керек.

«Бүгінде спорт туризмі әлемдік туристік индустриядағы ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Шығыс Қазақстан облысында маусымаралық кезеңде бос тұратын демалыс базалары мен шипажайларды оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін пайдалану жайын пысықтау қажет. Халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу құқығына ие болу өңірге инвестиция тартудың тиімді құралдарының бірі ретінде қарастырылуы тиіс», — деді С.Сыздықов.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде театрлардың және тарихи-мәдени нысандардың туристік әлеуетіне аудит жүргізіп, туристер үшін тартымды әрі келешегі бар нысандардың тізбесін айқындау қажеттігін айтты.

«Мәдениет басқармасының KPI көрсеткіштеріне мәдениет мекемелерінің ақылы қызметтерінен түсетін кіріс көлемі, туристерге арналған кәдесый өнімдерін өндіруге тартылған қолөнершілер саны және кәдесый өнімдерін өткізу көлемі енгізілуі тиіс. Ал облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын тартуға арналған ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлесін. Қалалар мен аудандар әкімдіктері спорттық іс-шараларды өткізуге және оқу-жаттығу жиындарын орналастыруға арналған алаңдар мен инфрақұрылым бойынша ұсыныстар дайындауы қажет», — деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ жиын барысында туризм саласындағы басқа да мәселелер сөз етілді.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...