Өскеменде Әуезов даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып жатыр

Өскемен қаласындағы негізгі көшелердің бірі – Әуезов даңғылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Аталмыш даңғылдағы жаңғырту жұмыстары жылы маусым басталысымен қолға алынған болатын. Қазіргі уақытта бірнеше тұрғын үйдің қасбетін әрлеу және оларды бірыңғай үлгідегі балкондармен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын.

Бүгінде даңғыл бойында жаяу жүргіншілер жолына тротуар плиталарын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

– Қазіргі таңда плиталардың негізгі бөлігі Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштен бастап Крылов көшесімен қиылысқа дейінгі аралықта төселді. Жұмыстарды 1 тамызға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр, – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Абаттандыру барысында шаһарға тән бірыңғай сәулеттік стиль сақталған. Сонымен қатар «Прогресс» дүкені маңына гүлдер егілген сәндік құмыралар орнатылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар қаланың көркіне көрік қосып, тұрғындар үшін қолайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

Новые статьи

В областной филармонии прошел концерт района Үлкен Нарын

Вечер состоялся в рамках областного проекта «Туған жер – алтын бесігім». Концерт и выставку в фойе посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Школьники представили...

В ВКО за девять месяцев вложили 11,8 млрд тенге в туристскую отрасль

Развитие туристической и спортивной инфраструктуры, привлечение инвестиций и доступность занятий спортом стали главными темами встречи вице-министра туризма и спорта РК Мираса Тулебаева с жителями...
00:01:35

Девушка из Усть-Каменогорска спасла девочку с остановкой сердца

Происшествие случилось на стадионе, где Евгения Мироненко находилась на пробежке. Увидев девочку, которой потребовалась срочная помощь, девушка не растерялась и приступила к реанимационным мероприятиям. Евгения...

С 2027 года благотворительную помощь в Казахстане можно будет оформить через госплатформу

С 1 января 2027 года в Казахстане начнет действовать новый порядок организации благотворительных сборов через государственную цифровую платформу. Для получения помощи гражданам потребуется авторизоваться...