Өскемендік гимнаст қыздар Азия чемпионатында үздіктер қатарына енді

Өскемен қаласының Space командасы 13-14 маусым күндері Астанада өтіп жатқан эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогы мен Азия чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғады.

«Жасөспірімдер» санатында өнер көрсеткен спортшылар жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша аралық есепте бесінші орынға тұрақтап, құрлықтың ең мықты командалары арасында жоғары дайындық деңгейі мен сенімді өнерін көрсетті.

Өскемендік жас гимнаст қыздар үшін мұндай ауқымдағы турнирге қатысу алғашқы халықаралық тәжірибе болды. Қатаң бәсекеге қарамастан, команда өздеріне жүктелген міндетті сәтті орындап, өңірдің беделін халықаралық деңгейде лайықты таныта білді.

Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты екі жылда бір рет өткізіледі. Биыл құрлықтық дода тарихында алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Бұл елімізде аталған спорт түрін дамыту жолындағы маңызды оқиға.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Малайзия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Финляндия, Эстония және Жапония елдерінің командалары қатысып жатыр. Жалпы турнирге спортшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілерді және ресми делегация өкілдерін қоса алғанда 400-ден астам адам жиналды.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...