Өңір полицейлері ел аумағында болу ережелерін бұзу және заңсыз еңбек қызметінің жолын кесу мақсатында рейдтер жүргізуде. Бір күннің ішінде көші-қон қызметінің мамандары 50-ден астам шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
— Мәселен, Үлкен Нарын ауданында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген 8 шетелдік анықталды. Тексеру кезінде олардың екеуі бұған дейін де полиция назарына іліккені белгілі болды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған азаматтарға Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен
Сонымен қатар шетелдік жұмысшыларды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне айыппұл төлеуге міндеттелді.
— Ел аумағында уақытша болатын шетел азаматтарының тиісті рұқсатсыз жұмыс істеуіне қатаң тыйым салынады. Жұмыс берушілерді қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жауапкершілік танытып, көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, — деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

