«Үлкен Алтай – 2026» конференциясы: ШҚО әкімі инвесторларды бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды

Бүгін Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай қаласында «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық субөңіраралық ынтымақтастық конференциясы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған өңір делегациясы қатысты. Ауқымды жиынға еліміздің бірнеше аймағынан бөлек, Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның өкілдері жиналды.

Шара шымылдығын өз сөзімен ашқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Чэнь Сяоцзян конференцияға келген барлық делегация мүшелеріне алғыс білдіріп, өзара қарым-қатынасты дамыта түсуге ниетті екендіктерін және түрлі бағыттағы жобаларды іске асыруға әзірліктерін жеткізді. Жиын барысында ШҚО әкімі баяндама жасап, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

«Жылы қабылдап, конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өзара ынтымақтастықты дамытуға тұрақты түрде көңіл бөліп келе жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Алтай – Қазақстан, Қытай, Ресей және Моңғолия халықтарын біріктіреді. Бүгінде ол табиғи бай мұрасы ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалармен үйлесім тапқан жаңа мүмкіндіктер мекеніне айналуда. Шығыс Қазақстан үшін 2026-2027 жылдары «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» халықаралық үйлестіру кеңесіне төрағалық ету үлкен мәртебе. Біз бұл жауапты міндетті өзара іс-қимылды жандандыруға, серіктестік байланыстарды нығайтуға және Үлкен Алтай өңірлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге берілген мүмкіндік ретінде қарастырамыз», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Шығыс Қазақстан Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Моңғолия және Орталық Азия елдерін байланыстыратын маңызды көлік-логистикалық тораптардың бірі ретіндегі әлеуетін одан әрі күшейтуге ниетті.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін өңірде заманауи көлік инфрақұрылымы жүйелі түрде дамып келеді. 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ірі көпір пайдалануға берілді. Соңғы үш жылда 1,5 мың шақырымнан астам автокөлік жолы жөнделіп, қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар шекара маңындағы Катонқарағай және Зайсан аудандарында екі әуежайдың құрылысы басталды.

«Аталған жобалардың нәтижесі қазірдің өзінде айқын сезіліп жатыр. Негізгі көлік дәліздері арқылы жүк тасымалдау уақыты бір тәулікке жуық қысқарды. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы «Майқапшағай» автокөлік өткізу бекетін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Ресей Федерациясымен шекарадағы «Уба» өткізу пунктін жаңғырту, Шемонаиха ауданындағы Үлбі өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу жоспарланған. Біз жыл сайын 1 миллионға дейін турист қабылдауға дайынбыз. Марқакөл мен Катонқарағайдан бөлек, Риддер қаласының маңы мен Бұқтырма су қоймасының жағалауы да өңірдің бірегей туристік бағыттарының қатарында. Қытай, Ресей және Моңғолия инвесторларын облыс аумағында заманауи туристік инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған жобаларды бірлесе іске асыруға шақырамыз», — деді облыс әкімі.

Ары қарай панельдік сессиялар өтіп, Шығыс Қазақстан облысының басқарма басшылары мен аудан әкімдері баяндама жасайды. Сондай-ақ өңір делегациясының мүшелері B2B кездесулерге қатысып, шетелдік әріптестерімен өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқыға салады.

Новые статьи

Пограничники пресекли попытку ввоза в Казахстан 360 тысяч пачек сигарет на 180 млн тенге

Пограничная служба КНБ пресекла попытку незаконного ввоза в Казахстан крупной партии табачной продукции. Нарушение выявлено 8 июня в автомобильном пункте пропуска «Карасу» Жамбылской области. При...

Восточный Казахстан возглавил рейтинг регионов по реальным промышленным отгрузкам

осточно-Казахстанская область стала лидером страны по объему реальных промышленных отгрузок. Об этом сообщает издание exclusive.kz со ссылкой на анализ данных Бюро национальной статистики, основанный...

В Усть-Каменогорске откроют новый автомобильный проезд на улице Рейша

В Усть-Каменогорске ведется строительство автомобильного проезда по улице Рейша за торговым домом «Сарлау» на улице Сатпаева. Ранее этот участок был неудобен для движения транспорта и...

На социальную сферу в 2025 году направили 9,3 трлн тенге

Правительство Казахстана в полном объеме выполнило социальные обязательства по итогам 2025 года. Об этом на пленарном заседании мажилиса сообщил министр финансов Мади Такиев. По его...