Риддер қаласында тәртіп сақшылары түнгі патрульдеу кезінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы көлікті тоқтатты. Жүргізушімен сөйлесу барысында полицейлер оның мас күйде екен байқады.
– Медициналық куәландыру нәтижелері оның орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғанын растады. Сонымен қатар жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені, өйткені ол бұған дейін 8 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Қазіргі уақытта көлік арнайы автотұраққа қойылып, құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы ретте, полицейлер мас күйде, әсіресе көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік жүргізуі жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертті.

