Өскеменде жасөспірімдер зақымдап кеткен аспалы көпірді түркістандық компания жөндейді

Өскемен қаласында жасөспірімдер зақымдап кеткен «Самал» саябағы маңындағы аспалы жаяу жүргіншілер көпірі жөнделмек.
Еске салсақ, оқиға 7 мамыр күні кешке болған. Сол кезде көпір үстінде сегіз адам болған. Оның ішіндегі төртеуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер.
Олар ойын барысында көпірді тербеткендерін мойындаған. Соның салдарынан жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің жабындысы зақымданған.
Енді көпірді жөндеуге бюджеттен 21 млн теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Қазіргі уақытта қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жариялаған байқауды түркістандық компания ұтып алған.
Техникалық құжаттамаға сәйкес, жалпы ұзындығы 240 метр болатын болат арқандарды, қоршауларды ауыстыру, көпір төсемінің бір бөлігін жаңарту, жер төсемімен түйісетін тұстарын қалпына келтіру және сырлау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Новые статьи

Молодежь Восточного Казахстана вовлекают в экологическое волонтерство

В Восточно-Казахстанской области прошел ряд мероприятий, направленных на развитие экологической культуры и поддержку волонтерского движения среди молодежи. Одним из ключевых событий стала встреча молодых активистов...

Өскемен орталығында шыққан ауқымды өрт сөндірілді

Бүгін түстен кейін әлеуметтік желіде қала көшелерін түтін басқаны жайлы видеолар тарай бастады. Белгілі болғандай, Абай даңғылындағы бірқабатты ғимараттың шатыры жанған. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше...

В Казахстане выстроена масштабная система поддержки граждан

В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева на построение Справедливого и социально ориентированного Казахстана Правительством проводится масштабная работа по реализации мер поддержки населения....

Подростковая преступность в Казахстане выросла до максимума за последние годы

В Казахстане зафиксирован рост подростковой преступности. По итогам 2025 года подозреваемыми в совершении уголовных правонарушений признаны около 2,5 тысячи несовершеннолетних, что более чем на...