ШҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған жауапты басқармалар мен жергілікті әкімдіктердің өкілдері қатысты. Жеке қабылдау барысында азаматтар баспанамен қамту, ТҮКШ және абаттандыру, жастар саясаты мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу сынды мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, Көкжал Барақ көшесі 24/3 мекенжайында тұратын бірнеше отбасы үйді жекешелендірудің ұзаққа созылып кеткенін жеткізді. Қазір аталған үйлерді жекешелендіру процесі басталған. Тиісті құжаттар жиналып, заң талаптарына сәйкестігі тексерілді. Шағын отбасылық жатақханаларды жекешелендіру жөніндегі комиссия құрылуда. Комиссия жұмысынан кейін материалдар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияға ұсынылады. Содан соң комиссия шешімінің хаттамасы Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөліміне жіберіледі. Құжаттар осы бөлімге 1 шілдеде беріледі деп көзделген. Ал жекешелендіру құжаттар тапсырылған күннен бастап шамамен бір айға жуық уақытқа созылады деп күтілуде.

Сондай-ақ Қазақстан көшесі, 84/1 мекенжайында тұратын азамат қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерін басқа жерге көшіруді ұсынды. Алайда мамыр айының соңында өткен тұрғындар жиналысында контейнер орнын ауыстыруға қатысты ортақ шешім қабылданбады. Осыған байланысты контейнер бұрынғы орнында қалды. Аймақ басшысы мәселенің тек заң жүзінде шешілуі тиіс екенін жеткізді.

«Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының директоры Әкімжан Сайлыбаев өскелең ұрпақтың бойына ұлттық болмыс, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді сіңіру тақырыбын көтерді. Нұрымбет Сақтағанов жастар тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін, маңызды бастамаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...