ШҚО-да 260-қа жуық қауіпті өндірістік нысанға тексеру жүргізілді

Шығыс Қазақстанда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жарақаттанудың алдын алу және өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

«Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 30-ға жуық жоспарлы тексеру жүргізіліп, 256 қауіпті өндірістік нысан тексерілді. Соның нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талабын бұзудың 842 дерегі анықталды. «Азаматтық қорғау туралы» ҚР заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес облыстың қауіпті өндірістік объектілерінде бақылау қызметтері құрылып жатыр», — деді облыс әкімі.

Өндірістік нысандарда техникалық қайта жарақтандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылған. Биыл пайдалану мерзімі өткен 600-ден астам техникалық құрылғы мен технологиялық желіні ауыстыру жоспарланып отыр.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және ғылыми негізделген шешімдер әзірлеу мақсатында өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті жанынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық кеңес құрылды. «Казцинк» ЖШС және «Шығыстүстімет» ЖШС тау-кен кәсіпорындарында қауіпсіздік процестері цифрландырылуда», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысы өз сөзінде 5 мамырда «Казцинк» ЖШС мырыш зауытының электролиз цехында болған апатты және 30 мамырда «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев кенішінің жерасты учаскесінде жарушы маманның қаза болуына әкелген оқыс оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссиялар құрылғанын жеткізді.

«Маңызды бірде-бір дерек назардан тыс қалмайды. Жауапты тұлғалардың әрекеттеріне түбегейлі баға берілетін болады. Аталған жұмыс тұрақты бақылауда», — деді облыс әкімі.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...