ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы Ертіс көпірінде болған.
— Toyota Avensis маркалы автокөліктің жүргізушісі жолақты ауыстырғанда маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей бір топ велосипедшіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған 6 адам зардап шекті.
Қазіргі уақытта 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер ауруханаға жеткізілген. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

