Шығыс Қазақстанда ауқымды құқықтық конференция өтті

Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды басқосуға сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының өкілдері, депутаттар, ғылыми қауымдастық мүшелері мен азаматтық сектор өкілдері қатысты.

Пленарлық отырысты ашқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов конституциялық реформалардың мемлекеттілікті нығайтудағы және Әділетті Қазақстан құрудағы айрықша маңызын атап өтті.

«Конституция – жай ғана Ата заң емес. Бұл – қоғамдық келісімнің негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, ел тұрақтылығы мен стратегиялық дамуының тірегі», – деді аймақ басшысы.

Сөз барысында «Заң және тәртіп» қағидатына да ерекше назар аударылды. Бұл ұстаным бүгінгі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екені айтылды.

«Бүгінде біздің алдымызда заңның орындалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы жауапкершілік пен азаматтық сананы нығайту міндеті тұр», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі жастарды ел дамуына белсенді тартудың маңыздылығына да тоқталды. Оның айтуынша, жас буын Конституцияны формалды құжат ретінде емес, өз құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғайтын нақты тетік ретінде қабылдауы қажет.

Конференция барысында Қазақстан Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов баяндама жасап, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың нақты тәжірибесіне тоқталды. Ол бұрын ШҚО-ның Ұлан ауданында тұрған, кейін басқа мемлекеттің азаматтығын алған әйелдің зейнетақы төлемдерін рәсімдеу кезінде туындаған мәселенің қаралғанын мысалға келтірді.
Бұл жағдай сот жүйесі мен конституциялық бақылау институттарының тиімді өзара іс-қимылы нәтижесінде азаматтардың құқықтары іс жүзінде қорғалып, заң аясында шешім табатынын көрсетті.

Баяндамашының сөзінше, дәл осындай тетіктер қоғамның әділдікке, заңдылыққа және құқық үстемдігі қағидаттарына деген сенімін нығайтады.

Сондай-ақ шараға Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ, Әділет министрлігі жанындағы Парламентаризм институтының атқарушы директоры Алмас Қанатов және өңірдің сот әрі құқық қорғау жүйесінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар конституциялық бақылауды дамыту, адам құқықтарының кепілдіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдағы құқықтық институттардың рөлін арттыру мәселелерін талқылады.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашықтық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға бағытталған саяси реформаларының маңыздылығы да ерекше аталып өтті.
Конференция аясында «Әділетті Қазақстанның жаңа Конституциясы» атты студенттер арасындағы онлайн-байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысында жаңа конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Новые статьи

00:01:09

Казахстан и Россия впервые запустили международный беспилотный грузовой маршрут между Астаной и Москвой

Казахстан и Россия реализовали первый международный проект беспилотных грузоперевозок. Тестовый проезд грузовых автомобилей в беспилотном режиме состоялся одновременно по маршрутам Астана – Москва и...

Өскеменде велосипед теуіп келе жатқан бір топ жасөспірімді көлік қағып кетті

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы Ертіс көпірінде болған. - Toyota Avensis маркалы автокөліктің жүргізушісі жолақты ауыстырғанда маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей бір...

В ВКО предприниматель почти девять месяцев не мог закрыть бизнес из-за сбоев в налоговой системе

Проблемы в работе информационных систем органов государственных доходов стали одной из главных тем очередного заседания Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции Палаты...

В Казахстан впервые за 70 лет доставили амурских тигров для восстановления популяции

В Казахстан доставили первых амурских тигров из России в рамках программы по возвращению хищника в его исторический ареал. Четверо животных - две взрослые особи...