ШҚО-да танысының үйіне ұрлыққа түскен ер адам сотталды

Осыған қатысты сот ісі Катонқарағай аудандық сотында қаралды. Анықталғандай, айыпталушы танысының үйінде қонақта болып, бірге алкогольді ішімдік ішкен. Үй иесі ұйықтап қалғаннан кейін ер адам ұрлық жасауға бел буған.

Іс материалдарына сәйкес, ол алдымен бөлмелердің бірінде тұрған ақша салынған сандықша мен «Кизляр» маркалы пышақты қолды еткен. Кейін шкафтан кілт тауып алып, сейфті ашып, ішінен «ИЖ-79-8» маркалы газ тапаншасын ұрлаған.
Келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 250 мың теңгені құрады.

Сот барысында айыпталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді.

Прокурор судьядан ер адамға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы кінәсін толық мойындап, өзін бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...

Генеральный секретарь ИКАО оценил работу Авиационной администрации Казахстана

Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар посетил Авиационную администрацию Казахстана (ААК) в рамках своего первого официального визита в страну. Его...

В Риддере 60 семей получили ключи от новых квартир

В канун Дня Республики в Риддере состоялось торжественное вручение ключей от квартир в новом многоквартирном доме. Новоселами стали 60 семей. 55 квартир приобрели сотрудники ТОО...

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...