Шығыс Қазақстанға келген туристер саны 4,4%-ға өсті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында оқу жылының аяқталуы және оқушылардың қорытынды аттестациясына дайындық туралы сөз етілді.
ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, өңірдегі 99 мыңнан астам мектеп оқушысының ішінде 11-сынып бітірушілерінің саны – 5 192. Оның ішінде 500-ге жуық түлек «Алтын белгі» белгісіне, 439 оқушы үздік аттестат алуға үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 4 300-ден астам түлек немесе жалпы санының 84%-ы қатысуды жоспарлап отыр.
«Алтын белгіге» үміткерлердің құжаттары арнайы комиссиямен белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілді. Денсаулық жағдайына және өзге де дәлелді себептерге байланысты емтихандардан босатылатын оқушылардың тізімі қалыптастырылуда. 9-сынып оқушыларына арналған емтихан материалдарын әзірледік. Емтихандарды өткізуге қажетті жағдайлардың жасалуы тұрақты бақылауда», — деді ол.
Әкімдік отырысы барысында жазғы туризмге және шомылу маусымына дайындық жайлы да айтылды.
«Өткен жылы облысқа келген туристер саны 4,4%-ға өсті. Өңірде туристерге арналған 412 орналастыру орны жұмыс істейді. Ондағы біржолғы сыйымдылық 21 мыңнан астам төсек-орынды құрайды. Туристік саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі — 21,6 млрд теңге. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда 36 санитарлық-гигиеналық торап бар, олардың 17-сі субсидияланады. Сонымен қатар сұранысқа ие туристік бағыттар бойынша қосымша 9 торап орнату мәселесі басқарма тарапынан пысықталуда», — деді облыстық Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов.
Баяндама жасаған ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рашид Блялов облыс бойынша жаппай демалуға және шомылуға арналған 23 аумақ барын мәлім етті. Оның ішінде 9 коммуналдық, 8 жеке, 1 муниципалды жағажай бар.
«Департаментке су айдындарының түбін тексеру бойынша сүңгуірлік жұмыстарды жүргізуге 11 өтінім келіп түсті. Бұл жұмыстар осы айдың соңына дейін жүргізіледі. Облыс акваторияларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 5 құтқару бөлімшесі жұмыс істейді. Сондай-ақ шомылу маусымы кезінде Самар ауданының Сарыбел ауылдық округінде құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді арнайы техника мен жүзу құралдарына орналастыру арқылы жылжымалы құтқару бекетін іске қосу жоспарланған», — деді ол.
Нұрымбет Сақтағанов соңғы қоңырау мен емтихандарды өткізу кезінде ең бастысы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді.
«Мектеп автопаркін жаңарту мәселесін ШҚО Білім және Экономика басқармалары бірлесіп пысықтаңыздар. Колледж түлектерінің мамандық бойынша жұмысқа орналасуын қадағалау керек. Туристік маусым кезінде облысқа келген демалушыларға барлық жағдай жасалуы тиіс. Жолда полиция қызметкерлерінің туристерді себепсіз тоқтатуына жол бермес үшін оларға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», — деді аймақ басшысы.

Новые статьи

В Восточно-Казахстанской области прием документов в первый класс начнется 10 июня

Министерство просвещения Казахстана утвердило график приема документов в первый класс на 2026–2027 учебный год. В Восточно-Казахстанской области подача заявлений стартует 10 июня и продлится...

На трассах ВКО начали устанавливать лазерные системы для безопасности водителей

В Восточно-Казахстанской области на республиканских трассах начали устанавливать современные лазерные системы визуального ориентирования для повышения безопасности дорожного движения. Новые устройства появились на автодорогах «Калбатау –...

В Усть-Каменогорске полицейские спасли 87-летнюю пенсионерку от мошенников

В Усть-Каменогорске сотрудники полиции предотвратили крупное мошенничество и спасли 87-летнюю пенсионерку от потери сбережений. По данным полиции, неизвестные позвонили пожилой женщине и представились сотрудниками правоохранительных...

ШҚО тасжолдарында алғаш рет түрлі түсті лазерлік бағдарлар қолданыла бастады

Шығыс Қазақстан облысындағы екі республикалық маңызы бар тасжолда жүргізушілерге түнгі уақытта және қолайсыз ауа райында жолды бағдарлауға көмектесетін лазерлік қондырғылар орнатылды. Жаңа жүйе Қалбатау-Майқапшағай тасжолының...