Шығыс Қазақстанда прокуратура балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбек құқығын қалпына келтірді.
Өскемен қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау аясында Балалар стоматологиялық емханасында еңбек заңнамасының бұзылғанын анықтады.
— Медициналық мекеме басшылығының еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы салдарынан 53 қызметкер екі айдан астам уақыт бойы жалақысыз қалған, — деп хабарлады қадағалау органынан.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 17,5 млн теңгеден астам сомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді

