ШҚО-да 113 мың гектар аумаққа егін егілді

Шығыс Қазақстан облысында егіс науқаны белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндама жасаған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

«Биыл көктемгі егіс жұмыстары 630 мың гектар алқапта жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артық. Бүгінгі таңда 113 мың гектар аумаққа егін егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 56,3 мың гектарды, майлы дақылдар – 52,3 мың гектарды, жемшөп – 4,2 мың гектарды құрайды», — деді облыс әкімі.

Егіс науқанын жүргізу үшін 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Шаруа қожалықтары 72 мың тонна көлемінде сапалы тұқыммен толық қамтамасыз етілген.

«Егінге 70 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Оның ішінде отандық өндірушілермен 51 мың тонна жеткізуге шарттар жасалды. Жеңілдетілген кредиттеу бағдарламалары бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 20 млрд теңгеге жуық қаржы берілді», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жыл басынан бері агроөнеркәсіптік кешенге салынған инвестициялар 6 млрд теңгеден асты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе жоғары. Өңір бойынша 27 млрд теңге сомасына 6 ірі инвестициялық жоба іске асырылып келеді.

Айта кетейік, жалпы ел бойынша егіс алаңы 23,8 млн гектарға жетіп, өткен жылдың деңгейінен 180 мың гектарға артқан.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...