ШҚО құтқарушылары өңірдегі адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін су айдындарын атады

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңір тұрғындары жиі баратын демалыс орындарының бірі — Сібе көлдерінде шомылудың қаупі бар екенін мәлім етті. Сырт көзге тынық көрінетін суда барынша абай болған жөн.

— Сібе көлдерінде жерасты бұлақтары бар және кей жерлерінің тереңдігі 40 метрден асады. Сондықтан бұл көлдерді толықтай қауіпсіз деуге болмайды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар құтқарушылар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, тек арнайы жабдықталған орындарда шомылу қажеттігін атап өтті.

— Көлдерде арнайы қоршалған жағажайлар мен ұйымдастырылған демалыс аймақтары бар. Егер тек сол орындарда шомылса, қауіп айтарлықтай азаяды, — делінген ақпаратта.

Өскемен қаласы аумағындағы Үлбі мен Ертіс өзендері де шомылуға қауіпті су айдындарының қатарында. Бұған негізгі себеп — ағынның қатты болуы.
— Қала маңында толықтай қауіпсіз су айдындары жоқ. Үлбі мен Ертісте ағыс өте қатты, сондықтан суға түсу аса қауіпті, — деп ескертті ТЖД мамандары.

Новые статьи

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...

В Усть-Каменогорске открылся «Ретро-музей» с коллекцией техники прошлого века

В парке «Левобережный» областного архитектурно-этнографического и природно-ландшафтного музея-заповедника Усть-Каменогорска состоялось открытие «Ретро-музея». В церемонии принял участие аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Главной частью экспозиции стала...