ШҚО әкімі сарбаздардың жағдайымен танысып, бірге ас ішті

ШҚО әкімі сарбаздардың жағдайымен танысып, бірге ас ішті

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлттық ұланның Өскемендегі 5518 әскери бөліміне барып, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шараға қатысты. Әскерилерді мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді.

«Армия — мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, ел тәуелсіздігінің сенімді кепілі. Сіздер қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметті абыроймен атқарып келесіздер. Ұлттық ұланның сарбаздары Мемлекет басшысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүктеген міндеттерді сапалы орындап, жоғары кәсібилік пен адалдықтың озық үлгісін көрсетуде. Заң талаптарын сақтау мен тәртіпті нығайту — тұрақты әрі дамыған қоғамның негізі», — деді аймақ басшысы.

Одан соң Нұрымбет Сақтағанов сарбаздардың жауынгерлік дайындығымен және техникалық жабдықталуымен танысып, бірге ас ішті. Шара барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев облыс әкіміне жауынгерлік жедел тобының ұрыстық тәртібін көрсетіп, отряд офицерлері арнайы жасақтың заманауи үлгідегі қаруларын, әскери киім үлгілерімен таныстырды.

Сондай-ақ аймақ басшысы әскери бөлімнің музейін аралап, құқықтық тәртіп әскерінің тарихына үңілді. Нұрымбет Сақтағанов естелік ретінде музейге қолөнер туындысын тарту етті.

Новые статьи

В Казахстане запускают проект INVEST CARAVAN для поддержки инвесторов

Комитет по защите прав инвесторов Генеральной прокуратуры Казахстана запускает проект INVEST CARAVAN. В его рамках инвестпрокуроры будут выезжать непосредственно на объекты, где реализуются инвестиционные...

В Восточном Казахстане 28 мая проверят систему оповещения населения

28 мая 2026 года в Восточно-Казахстанской области пройдет техническая проверка системы оповещения населения в рамках республиканского командно-штабного учения «Өрт-2026». Как сообщили в ДЧС ВКО, в...

ШҚО-да заңсыз жұмыс істеп жүрген 17 шетелдік анықталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары аймақтағы құрылыс нысандары мен базарларға тексеріс жүргізді. - Соның нәтижесінде Өскемен қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде...

ИИ будет помогать судам Казахстана

В Казахстане завершают внедрение сервиса «Цифровой помощник судьи» по гражданским делам во всех судах страны. Верховный суд представил новый этап цифровизации судебной системы на...