«Казцинк» кәсіпорнындағы жарылыстың себебі анықталып жатыр

Өскемен қаласындағы «Казцинк» кәсіпорнындағы жарылыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ.
Бүгін таңертең Өскемендегі ірі өндіріс ошақтарының бірі – «Казцинк» кәсіпорнында жарылыс болды. Соның салдарынан кәсіпорын аумағы маңында қою, бұлт тәріздес түтін пайда болып, әлеуметтік желіде фото, видеолар тарай бастады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс шаң сүзу цехындағы құрылғыда болған. Алдын ала деректерге сәйкес, газ бен ауа қоспасының тұтануы өртке ұласқан. Соның салдарынан өндірістік ғимараттың бір бөлігі опырылып түскен. Құтқару қызметтері оқиға орнына жедел жетіп, өртті ауыздықтау және салдарды жою жұмыстарын жүргізді.
Оқиғадан кейін экологиялық ахуал да жіті бақылауға алынды. Экология департаментінің мамандары кәсіпорын аумағына барып, атмосфералық ауаға тараған зиянды шығарындыларды анықтау бойынша тексеру жұмыстарын қолға алды. Қазіргі уақытта ауа сапасына қатысты нақты көрсеткіштер зерттеліп жатыр.
Жарылыс салдарынан әуелі 4 адамның зардап шеккені жайлы мәлімет тараған болатын. Кейін тоғыз адамның медициналық көмекке жүгінгені жайлы ақпарат тарады.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, екі зардап шегуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Тағы бір адамға оқиға орнында жедел реанимациялық көмек көрсетілген. Бір қызметкерді әріптестері өз күштерімен медициналық мекемеге жеткізген. Қалған зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр.
Аталған оқиға Үкімет деңгейінде де назардан тыс қалған жоқ. Премьер-министр Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды. Ол жауапты министрліктер мен өңір әкімдігіне барлық қажетті шараларды қабылдап, ахуал туралы тұрақты түрде баяндап отыруды тапсырды.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тергеу нәтижелері мен экологиялық сараптама қорытындылары алдағы уақытта жариялануы тиіс.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...