Алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адам Өскеменде ұсталды

Өскемен қаласында полицейлер көлік сатамын деп халықты алдағаны үшін 4 жылдан астам уақыт халықаралық іздеуде жүрген ер адамды құрықтады. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

— Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеттері үшін 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті автокөлік сату схемалары арқылы әрекет еткен. Яғни, тиімді шарттарды ұсынып, алдын ала төлем жасатып алған соң, берген уәдесінде тұрмаған, — делінген ақпаратта.

Кейбір адамдарға ақшаның бір бөлігін қайтара отырып, мәміленің заңды екендігіне сендірген. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 30 млн теңгеден асады.

— Келісім-шарттарды рәсімдеу барысында алаяқ үшінші тұлғаларды тарту арқылы, олардың атына қарыз шарттарын ресімдеген. Ақшаны беру көбінесе нотариустардың қатысуымен жүзеге асқан. Бұған дейін ер адам алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...