ШҚО әкімі ақын Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Мұхтар Шахановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

— Мұхтар Шаханов — көрнекті ақын, жазушы және қоғам қайраткері, 30-дан астам жыр жинағының авторы. Оның шығармашылығы мен азаматтық ұстанымы елдің рухани өмірінде терең із қалдырды. Ақын өз туындыларында халық тағдыры мен Қазақстанның болашағына қатысты маңызды мәселелерді көтерді, — деді аймақ басшысы.

Тәуелсіздік жылдарында ол қазақ тілінің дамуы мен ұлттық құндылықтарды нығайту жолында белсенді еңбек етті. Жауапты мемлекеттік қызметтер атқарып, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарды. Мұхтар Шаханов Қазақстан мен Қырғызстанның халық ақыны атақтарына ие болған.

— М.Шаханов артына мол рухани мұра қалдырды. Оның жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады, — делінген әкімнің көңіл айту жеделхатында.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...