ШҚО-да экологиялық жағдайды жақсарту үшін экопарктер құрылмақ

Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі Бақытжан Сапиевтің төрағалығымен өткен жиын барысында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының жай-күйі талқыға салынды. Соның барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов баяндама жасап, Мемлекет басшысының экопарктер құру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы баян етті.

— Өскемен қаласында 21,4 гектар аумақта «Шоқ қайың» экопаркін құру жоспарланып отыр. Ұлан ауданында 25 гектар аумақта «Жасыл аймақ» экопаркін құру қарастырылған. Сондай-ақ Глубокое ауданы аумағында 40 гектар жерде «Таулы Үлбі» экопаркі жобалануда. Осы үш жобаны іске асырудың жалпы құны 450 млн теңгені құрайды. Жобалар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, — деді ШҚО әкімі.

Аталған жобаларды іске асыру экологиялық жағдайды жақсартуға, рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға және халықтың демалуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Облыстың басқа да қала, аудандарында осындай экопарктер құру көзделген.

— Экопарктерді құру тұрғындардың экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға, көгалдандырылған аумақтардың үлесін ұлғайтуға және сапалы қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Жобалардың іске асу барысы тұрақты бақылауда, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...