ШҚО-да ALTAY BUSINESS форумы өтіп жатыр

Облыс орталығында 1500-ден астам кәсіпкерді, сарапшыларды және мемлекеттік орган өкілдерін жинаған ALTAY BUSINESS форумы өтуде.

Форумды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ашты. Шара басталар алдында ол өңірлік бизнестің көрмесімен танысты. Онда өндірістен бастап креативті жобаларға дейінгі бастамалар ұсынылды.

Басты назар тәжірибеге аударылған. Қатысушылар бюрократиялық кедергілерді қалай азайтуға, жобаларды іске қосуды қалай жеделдетуге және бизнесті аймақ ішінде әрі оның сыртында қалай кеңейтуге болатынын талқылауда.

— Шығыс Қазақстан — әлеуеті жоғары өңір. Бүгінде мұнда елдегі өнеркәсіп өндірісінің шамамен 6%-ы шоғырланған. Инвестициялар көлемі 838 млрд теңгеден асады, ал шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 24,4%-ды құрайды. Облыста 58 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді, онда 157 мыңнан астам адам еңбек етуде. Бұл экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың негізі», — деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Негізгі басымдықтардың бірі «бір терезе» қағидатына берілді. Бұл мемлекеттік қолдау мен қызметтерді артық рәсімдерсіз, уақыт жоғалтпай, бір жерден алу мүмкіндігі.

Форум алаңында аквакультура, агробизнес, IT, туризм және креативті индустрия сияқты түрлі салалардың кәсіпкерлері мен сарапшылары сөз сөйлеуде. Олар қазіргі уақытта-ақ қолдануға болатын нақты тәжірибелері мен шешімдерімен бөлісіп жатыр. Форум өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша алдағы қадамдарды талқылаумен аяқталмақ.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...