ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер түрлі спорт түрлерінен бақ сынасып жатыр

Бүгін облыс орталығында Шығыс Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің XIX облыстық спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

— Баршаңызды спартакиаданың салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік қызметті елге қызмет етудің ең құрметті әрі аса жауапты міндеті ретінде жоғары бағалап келеді. Мемлекеттік қызметшілер елмен тікелей жұмыс істейтіндіктен, олардың жан-жақты дамуы, оның ішінде денсаулығы мен физикалық дайындығы да аса маңызды. Осындай ауқымды спорттық іс-шаралар әріптестер арасындағы достықты нығайтып, командалық рухты қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға зор үлес қосады, — деді облыс әкімі.

Спартакиадаға қала, аудан әкімдіктері, сот, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттерден жалпы саны 1,5 мыңнан астам адам қатысады. Мемлекеттік қызметшілер түрлі спорт түрлерінен сынға түспек. Оның ішінен үздіктері іріктеліп, Шығыс Қазақстанның атынан шілде айында Маңғыстау облысында өтетін республикалық спартакиадада өнер көрсетеді.

Ашылу салтанатынан соң ШҚО әкімі аппараты мен облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасы командалары волейболдан жарыс жолына шықты. Нұрымбет Сақтағанов та ойынға қатысып, спорттан кенде емес екенін көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша ШҚО әкімі аппараты командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалпы волейболға 228 адам тіркелген. Турнир кестесіне сәйкес, алдымен топтық кезеңдегі ойындар өтіп, кейін финалдық кездесулер ұйымдастырылады.

Новые статьи

00:00:27

Усть-Каменогорск отпраздновал День города

Областной центр завершил празднование 306-летия большим вечерним концертом. Приуроченная к этой дате программа была рассчитана более чем на четыре часа – на сцене выступили...

В селе Самсоновка открылся новый комьюнити-центр

В селе Самсоновка Усть-Каменогорска открылся новый комьюнити-центр. Бывший магазин на улице Шоссейной, 13 реконструировали под административное здание и дополнили пристройкой. Объект ввели в эксплуатацию...

В Усть-Каменогорске в микрорайоне Ульбинский обустроили новое общественное пространство

В микрорайоне Ульбинский по улице Носикова в Усть-Каменогорске завершены основные работы по благоустройству общественного пространства. Объект посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Проект реализовали летом....

В Усть-Каменогорске открылся детский сад на 260 мест

В микрорайоне Нұрлы жол открылся новый детский сад «Family Island-3», рассчитанный на 260 детей. В торжественном открытии дошкольной организации принял участие аким Восточно-Казахстанской области...