Өскемен тұрғындарына кенеге қарсы өңдеу жұмыстары туралы ескертілді

Өскемен қаласының маңайы кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймаққа жатады. Осыған байланысты облыс орталығында көктемгі кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды.

Әдетте мұндай жұмыстар жылына екі рет — көктемде және күзде жүргізіледі. Мамандардың мәліметінше, кене энцефалитімен сырқаттанудың шарықтау шегі дәстүрлі түрде мамыр айына келеді.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сәуле Слямғазинаның айтуынша, өңдеуге келесі аумақтар кіреді: Аблакетка кентінің маңы (саяжайлар аймағы, СЭС, Станиславский көшесіндегі зират маңы), Примыкание ауданындағы зират аумағы, Лесхоз және Согра кенттерінің маңы, Самсоновка ауылының маңы (саяжайлар аймағы), Понтон көпірі маңындағы саяжай алқаптары (сол жағалау), «Водоканал» бау-бақша қоғамы, Масьяновка кентінің маңы, Самар тасжолы ауданы, Ахмер кенті маңындағы саяжайлар, Меновное ауылы (23-шағынаудан) аумағындағы саяжайлар, Үлбі және Күленов кенттерінің маңы, Новоявленка ауылы.

Қала тұрғындарына өңдеу жүргізілген барлық аумақта ескерту белгілері орнатылатыны еске салынды.

Новые статьи

В Казахстане усилили фитосанитарный контроль — за год выявлено 3,6 тысячи нарушений

В Казахстане усиливается контроль за ввозом и перемещением сельскохозяйственной продукции. Работа по выявлению карантинных объектов ведётся в соответствии с национальным законодательством и требованиями Евразийского...

Бывший топ-менеджер «ҚазТемірТранс» объявлен в розыск по делу о хищении более пяти миллиардов тенге

Агентство по финансовому мониторингу проводит досудебное расследование в отношении бывшего вице-президента ҚазТемірТранс Капенова А.А. Его подозревают в злоупотреблении должностными полномочиями и хищении средств в...

Полицейский спас двух детей из пожара в Кызылорде

Утром, около 10:30 в одном из жилых домов Кызылорды вспыхнул пожар – огонь вышел на балкон квартиры на четвертом этаже. В этот момент мимо проезжал...

В Усть-Каменогорске открытие магазина привело к нарушению порядка

В областном центре открытие обувного магазина обернулось давкой и вмешательством правоохранительных органов. Поводом для ажиотажа стали бесплатная раздача плова и обувь по сниженным ценам...